«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 634 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен күші жойылды
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (2015 жылғы 30 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 21, 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«