Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 903 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 қарашада жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тендер мынадай:
1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шартының (бұдан әрі - субсидиялау туралы шарт) мерзімінің өтуі;
2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын одан әрі субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайды қоспағанда, субсидиялау туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтату;
3) қолданыстағы субсидиялау туралы шартқа сәйкес маршрутты ұзарту немесе қысқарту жағдайларын қоспағанда, жаңа әлеуметтік маңызы бар қатынастарды анықтау жағдайларында өткізіледі.
Бұл ретте, тендер тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру және бюджеттік қаржы есебінен оның шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау құқығына өткізіледі.»;