Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 10 января 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 10 января 2023
Дата последнего изменениявторник, 10 января 2023

Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Төраға Э.Ә.Азимова, судьялар А.Қ.Ескендіров, Қ.Т.Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашылар - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары С.Ф.Ударцевтің және Б.М.Нұрмұхановтың хабарлауын тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, халықаралық тәжірибені және жекелеген шет елдердің заңнамасын талдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

анықтады:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына 2023 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші келіп түсті.

Өтініш субъектісі аталған конституциялық норманы түсіндіру кезінде мынадай сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

«1. Конституцияның 62-бабы 4-тармағының ережелері конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданады, Парламенттің Конституция мәтінінде осындай деп аталатын конституциялық заңдарды ғана қабылдауға құқылы екенін білдіре ме?

2. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?».

Негізгі Заңның қаралып отырған нормасын өтініш нысанасына қатысты түсіндірген кезде Конституциялық Сот мынаны негізге алады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом