«Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 392 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Экстернат нысанында оқыту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және негізгі орта, жалпы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Экстернат нысанында оқу:
негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:
1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;
2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша «4» және «5» деген бағалар алған білім алушыларға;
мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары):