«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 68 бұйрығы
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағы 19-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Мемлекеттік радиожиілік қызметі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын: