«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 836 бұйрығы
ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 124 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына (2019 жылғы 31 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
12-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, келісу және бекіту;»;