«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 159 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Тізбесінде:
1-бөлімде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар:
реттік нөмірлері 2, 3-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 4 | I50, I42 | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Динамикалық байқауда тұрған барлық санаттар Динамикалық байқауда тұрған барлық санаттар | NYHA бойынша II-IV функционалдық кластар, оның ішінде дилатациялық кардиомиопатия және артериялық гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен байланысты емес созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің басқа да себептері NYHA бойынша II-IV функционалдық кластар, оның ішінде дилатациялық кардиомиопатия және артериялық гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен байланысты емес созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің басқа да себептері | Дигоксин, таблетка | C01AA05 |
| Торасемид, таблетка | C03CA04 |
| Спиронолактон, таблетка, капсула | C03DA01 |
| Гидрохлоротиазид, таблетка | C03AA03 |
| Фуросемид, таблетка | C03CA01 |
| Бисопролол, таблетка | C07AB07 |
| Карведилол, таблетка | C07AG02 |
| Рамиприл, таблетка, капсула | C09AA05 |
| Эналаприл, таблетка | C09AA02 |