«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 525 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 136-жолдың 5-бағанында:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
реттік нөмірі 137-жолдың 5-бағанында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Электр желілерін басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4) «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 139-жолдың 5-бағанында: