Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТАРИФТІК ЕМЕС РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ...

Информация о документе
Датачетверг, 29 мая 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 29 мая 2014

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 7 ҚОСЫМША

 

Осы редакция 2022 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 


Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы

хаттама


І. Жалпы ережелер

 

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ІХ бөліміне сәйкес әзірленді және үшінші елдерге қатысты Одақтың тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тәртібі мен жағдайларын айқындайды.

Осы Хаттаманың қолданылуы техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды, экспорттық бақылау және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында шараларды қолдану мәселелеріне қатысты қатынастарға таралмайды.

2. Осы Хаттамада пайдаланылған ұғымдар мыналарды білдіреді:

«автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)» - тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импортының серпінін мониторингілеу мақсатында белгіленген уақытша шара;

«бас лицензия» - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға лицензияда айқындалған санымен, лицензияланатын жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;

«тыйым салу» - тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салатын шара;

«импорт» - кері әкету туралы міндеттемесінсіз тауарды үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына әкелу;

«айрықша лицензия» - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық беретін лицензия;

«айрықша құқық» - сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға айрықша лицензияның негізінде берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импортын жүзеге асыруға арналған құқық;

«сандық шектеулер» - квоталар белгілеу жолымен енгізілетін тауарлардың сыртқы саудасын сандық шектеу шаралары;

«лицензиялау» - лицензиялар және (немесе) рұқсаттар беру тәртібін белгілейтін әкімшілік шаралар кешені;

«лицензия» - тауарлардың экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыру құқығына берілетін арнайы құжат;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами