Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 321 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 24 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 12 июля 2025
Дата последнего изменениявторник, 24 июня 2025

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 321 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қазақстандық тауар өндірушілердің не көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдерінің (дистрибьюторларының немесе дилерлерінің) тізілімінде;»;

217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«217. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттар қолданылады:

1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) төленген салықтар көрсеткіші;

3) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы;

4) әлеуетті өнім берушінің аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне орналастыруы;

5) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;

6) теріс мәндер;

7) әлеуетті өнім берушінің қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болуы.»;

мынадай мазмұндағы 271-1-тармақпен толықтырылсын:

«271-1. Әлеуетті өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген жағдайда, веб-портал автоматты түрде 3 (үш) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом