«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 128 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 128-1) тармақшамен толықтырылсын:
«128-1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлеу;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
14-тармақта:
бірінші бөліктің 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
9-1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану.
екінші бөліктің 9-1) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық регламенттерді және стандарттарды келісу;»;
15-тармақта:
8) тармақша алып тасталсын;