«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 144 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) буферлік аймақ - зиянды организмнің бөлінген аймаққа немесе одан таралу ықтималдығын барынша азайту үшін шекаралары фитосанитариялық мақсаттарда ресми түрде айқындалған және қажет болған жағдайда фитосанитариялық немесе басқа да бақылау шараларына ұшырайтын аймақты қоршаған немесе оған іргелес аймақ;»;
26, 27, 27-1 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификат немесе мемлекеттік қызметті беруден уәжді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 16 (он алты) жұмыс сағатынан аспайтын мерзімде қағаз түрінде ресімделеді.
27. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде: