«Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 236-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 3 тамыздағы № 120 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36074 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бақылау субъектілері (объектілері) мына жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаса;