«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 8/52-VII шешімі
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8351 болып тіркелген, 2021 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
11-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
4) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 342,818 айлық есептік көрсеткіш;