Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71-ө өкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;»деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;»;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша);»;
«Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы;»;
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;»;
«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);»;
«Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісу бойынша);»деген жол алып тасталсын;