«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 594 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
429-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«429. Ұйымдастырушы жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды әлеуетті өнім берушілердің-тұрғынжай жеке меншік құқығымен тиесілі кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардың өтінімдерін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күннен кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде орналастырады және онда мынадай ақпарат болады: