«Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 31 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10610 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Шартта пайдаланылатын ұғымдар»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;»;
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: