«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө және «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019 жылғы 22 ақпандағы № 94 бұйрығы
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 138 (1561) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
2) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
4) орталық атқарушы орган - басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;