Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТ...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 28 декабря 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 декабря 2018

Осы редакция 2019 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 276 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Жобалау қызметіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.28.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жобалау қызметіне лицензия беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 25 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 25 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу - 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами