«Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 61 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18490 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, 141-бабының 4-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері (объектілері) – қызметіне Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалар; өлшемі;
2) балл – тәуекелді есептеудің сандық
3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпыға ортақ шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
4) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарының жарнамасына тыйым салудың сақталуына қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;