V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 322 шешiмi
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiмен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
3-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«8) уәкілетті орган - «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
14-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«14. Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
15-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: