Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 6 қарашадағы № 3-2/980 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«33. Басқарма ай сайын комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімінің интернет-ресурсының арнайы бөлімінде жариялайды және осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы есепті Министрлікке жолдайды, сондай-ақ тоқсан сайын облыс бойынша жиынтық акт бекітілген күннен кейін осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде бөлімге субсидиялардың төленуі туралы ақпаратты жолдайды.»;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Басқарма бөлімге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарастыру нәтижесі бойынша ақпаратты жолдайды.