«Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 719 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларында, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініш алған жағдайда;»;
көрсетілген Үлгілік қағидалардың 5-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізу тәртібі:
1) сапаға сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру бойынша мәселелерді;
2) сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негізін;
3) сапаға сыртқы бақылауды жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдерін;