Введите номер документа
Прайс-лист

«Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 Нормативтік қаулысы (2018.20.04. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 31 марта 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 18 апреля 2017
Дата последнего изменениявторник, 29 мая 2018

Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 Нормативтік қаулысы

(2018.20.04. берілген өзгерістермен)

 

Атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және сот практикасын біркелкі қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі - Конституция) негізделеді, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен (бұдан әрі - АК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен (бұдан әрі - АПК), «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңынан (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Заңға сәйкес сот орындаушысының юрисдикциясы атқарушылық іс жүргізуге қатыспайтын тұлғаларға қолданылмайды. Алайда, Конституцияның 13-бабының 2-тармағына, АПК-нің 250, 251 және Заңның 127-баптарына сәйкес сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына атқарушылық іс жүргізудің тараптары, сонымен қатар олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға кедергі жасалды не оларға қандай да бір міндет жүктелді деп санайтын тұлғалар АПК-нің 250, 251-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сотқа талап қою тәртібімен шағым жасауы мүмкiн.

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өндіріп алушының және борышкердің шағымы (бұдан әрі - шағым) АПК-нің 250-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен қаралады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом