Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 22 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 22 Қаулысы (күші жойылды)
Датавторник, 14 сентября 2021
Статус
Утратил силу
утратил силу с 29 сентября 2021

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

«Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 22 Қаулысы

 

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 23 Қаулысымен күші жойылды

 

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулысы, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» № 19 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 5 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын:

«марафондар, көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу»;

2) 7-тармаққа мынадай өзгеріс енгізілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

толтыру шарттарын сақтаған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілері сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 02.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етілсін.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

«Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандардан басқа «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижемен тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) көрермендермен спорттық іс-шараларды 30%-дан аспайтын уақытта толтыруға рұқсат етіледі.

3) 11-тармаққа өзгеріс енгізілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 14-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, қоғамдық автокөліктің жұмысы штаттық режимде белгіленсін».

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А. Бекешеваға жүктеймін.

3. Осы қаулы 2021 жылғы 15 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Атырау облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

 

М. Танауов

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!