Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 «Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 6 маусымдағы № 163 Қаулысы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 25 желтоқсандағы № 650 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16271 тіркелген) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 «Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3306 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармағында:
3) және 12)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;»;