«Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласының мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 193 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектi XXXVI сессиясының 2025 жылғы 29 қазандағы № 247 шешiмi
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 193 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1797-02 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында:
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Талғар трактісінің, Шығыс айналма автожолының (ШААЖ), Әл-Фараби даңғылының, Саин көшесінің, Жандосов көшесінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігінде орналасқан ғимараттардың параметрлері 25 метрден аспайтын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және ғибадат объектілерінің құрылысын қоспағанда, құрылыстың барлық түрлері үшін ең жоғары биіктігі он екі метрден аспайтын ғимараттың астындағы жердің орташа жоспарлау белгісінен парапеттің үстіне (шатыр жотасына) дейін, шатырға өрт сөндіру кезінде шығатын ауданы 10 шаршы метрден аспайтын жерді ескерместен, цоколдық қабатты қосқанда үш қабаттан артық емес етіп белгіленуі қажет.