Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТ...

Информация о документе
Датапонедельник, 15 июня 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 15 июня 2020

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 76 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қарашада «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған):

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е статистикалық есеп нысанында:

№ 1 кесте «Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері»:

мынадай мазмұндағы 84-жолмен толықтырылсын:

«

84

Мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды прокурорға жіберілді (ҚР ҚПК-нің 668-бабының 5-бөлігі)

»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті құрастыру нұсқаулығында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Есепті кезеңнің соңғы күнінде сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) СДТБТ-ға ЭАЕҚ-ны түпкілікті жүктегеннен кейін белгілі бір кезеңде қалыптастырылған статистикалық есепті есептеу жүргізіледі (статистикалық кесінді), ол есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-санында бекітіледі.

Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылып, бекітілген статистикалық есепке (статистикалық кесіндіге) қандай да бір түзетулерді енгізуге тыйым салынады.»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом