Осы редакция 2017 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 947 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
3-қосымша
«Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.31.10. берілген өзгерістермен)
«Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
патенттік сенім білдірілген өкілге куәлік (бұдан әрі - куәлік) аттестаттау емтиханы өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут;
3) көрсетілетін қызметтің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.