«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 570 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 (Нормативтік құқықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы: