«Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 590 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашадағы «Заң газетінде» № 173 (1989) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Қағиданың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген барлық жұмыстарды өтінім бойынша жобалау, жасау, қайта жабдықтау, жаңғырту және кемелерді жөндеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ кеме жасау және кеме жөндеу үшін материалдар мен бұйымдарды дайындайтын ұйымдармен шарт негізінде Кеме қатынасы тіркелімі орындайды.»;
66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«66. Кеме қатынасы тіркелімі ұйымға куәландыруды жүргізетін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне тапсырма жолдайды.
Ұйымды куәландыру тікелей осы ұйымда жүргізіледі.
Ұйым онымен мәлімделген жұмысты орындауды растайтын сынақ жүргізеді.
Жұмыстар түрлерін тану туралы куәлігінде растау мақсатында ұйымды куәландыру мәлімделген ұйымдардың тікелей өткізу орнында жүргізілуі мүмкін.»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Ұйым тану туралы куәлігін қолдану кезеңінде:
1) тану туралы куәлікте көрсетілген өзінің қызмет саласындағы кез келген өзгерістер жөнінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерін хабардар етеді. Өзгерістерге байланысты қосымша куәландырулар жүргізіледі;
2) Кеме қатынасының тіркелімі жұмыскеріне бақылау объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді.»;
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: