Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 25 маусымдағы № 433 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидаларында:
7-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. 31 наурызда және 30 қыркүйекке аяқталатын кезеңге берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті:
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа - есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей;
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары мемлекеттік қазынашылыққа - есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей (бұдан әрі - мемлекеттік қазынашылық);
мемлекеттік қазынашылық республикалық және жергілікті (астана бюджеті, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы жиынтық қаржылық есептiлiгі) бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті және өзге қаражат есебінен пайда болған берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне - есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей ұсынады;»;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: