Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САМАРҚАНД СУ ҚОЙМАСЫН ГИДРОТОРАБЫМЕН БІРГЕ РЕСПУБЛИ...

Информация о документе
Датасреда, 21 декабря 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 21 декабря 2005

«Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге республикалық меншікке беру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1265 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Меншік иесі - "Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Юбилейное" ЖШС) Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге (бұдан әрі - су қоймасы) республикалық меншікке қайтарымсыз беру туралы ұсынысымен келісілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

1) "Юбилейное" ЖШС-мен су қоймасын республикалық меншікке беру туралы шарт жасассын;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен су қоймасын республикалық меншікке қабылдау жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;

3) су қоймасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қарағандысушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілсін.

3. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

"Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 62) тармақшамен толықтырылсын:

"62) Нұра өзеніндегі Самарқанд су қоймасы.".

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом