«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 116 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 260 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 30 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №.30920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: