«Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 133 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және шетелдік әскери оқу орындарында (бұдан әрі - шетелдік ӘОО) даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін ұйымдастыру және іріктеу тәртібін айқындайды.