Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № А-10/510 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2007 жылғы 13 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
«Аршалы ауданы» бөлімінде:
реттік нөмірі 43 - жолы келесі редакцияда жазылсын
«
| 43 | Есіл өзені ескі арнасының телімі (Александровка ауылы) | 1,2 километр |
»;
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 45 - 47 - жолдармен толықтырылсын:
«
| 45 | Ақжар бөгеті | 9 |
| 46 | Нововладимировская бөгеті | 6 |
| 47 | Есіл өзенінің ескі арнасы (Жетісу кенті) | 3 километр |
»;
«Барлығы: 44» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 47» сөзіне және цифрларына ауыстырылсын;
«12976,2» цифрлары, келесі редакцияда жазылсын: «12995, 4,2 километр»;
«Астрахан ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 13 - жолымен толықтырылсын:
«
»;
«Барлығы: 12» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 13» сөзіне және цифрларына ауыстырылсын;
«2614» цифрлары «2654» цифрларымен ауыстырылсын;
«Зеренді ауданы» бөлімінде:
реттік нөмірі 25 - жолы алынып тасталсын;