«Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 сәуірде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;