Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 «Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2020 жылғы 17 шілдедегі № 257 Қаулысы
Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2025 жылғы 29 мамырдағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына, 20 бабының 1 тармағының 4) және 6) тармақшаларына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 болып тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: