Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ Е...

Информация о документе
Датасреда, 25 февраля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 25 февраля 2015

Осы редакция 2017 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

2015 жылғы 25 ақпандағы

№ 115 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау»

бағалау стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның негізінде халықаралық бағалау стандарттарын пайдаланумен әзірленген және зияткерлік меншік объектілері мен материалдық емес активтерді бағалау әдістеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Стандарт Қазақстан Республикасы аумағындағы зияткерлік меншік объектілері мен материалдық емес активтердің барлық түрін бағалау үшін міндетті.

2. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алу (экстракция) - жанама салыстыру әдісі. Ол материалдық және материалдық емес активтердің рентабельділігінің орташа салалық көрсеткіштері бар кәсіпорынның нақты рентабельділігін талдау арқылы материалдық емес активтердің есептік құнын береді;

2) бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы - бағалаушының бағалаудың түрлі амалдары мен әдістерін пайдалану кезінде бағалау объектісінің құнын есептеу нәтижелерін негіздеп жалпылау қорытындысы ретінде алынған бағалау объектісі құнының шамасы;

3) біріктірілген төлем - роялти мен тұтас төлемді қамтитын лицензиялық төлем;

4) дисконттау (капиталдандыру) - болашақтағы ақша ағындарын бағалау объектісінің ағымдағы құнына қайта есептеу;

5) дисконттау ставкасы - болашақта төлеуге немесе алуға жататын ақша сомасын бүгінгі құнға айырбастау үшін пайдаланылатын, зияткерлік меншік объектілерінің құнын бағалау кезінде пайдаланылатын кіріс ставкасы;

6) зияткерлік меншік - зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олар орындайтын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және тағы басқа) дараландыру құралдары;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом