Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 3 қаңтардағы № 252-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датасуббота, 3 января 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 8 марта 2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының

Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:

1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

мынадай мазмұндағы 380-3-баппен толықтырылсын:

«380-3-бап. Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жəрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану

1. Медицина қызметкерінің немесе жедел медициналық жəрдем көлігі жүргізушісінің өз қызметтік немесе кəсіптік міндеттерін орындауы кезінде немесе орындауына байланысты не оларды орындағаны үшін кек алу мақсатында оларға қатысты күш қолдану қатерін төндіру -

екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, мынадай:

1) екі жəне одан көп адамға қатысты;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) бірнеше рет;

4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тəртіпсіздіктер барысында;

5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-əрекет -

екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты жəне себептер бойынша олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану -

бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, мынадай:

1) екі жəне одан көп адамға қатысты;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) бірнеше рет;

4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тəртіпсіздіктер барысында;

5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-əрекет -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты жəне себептер бойынша олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, мынадай:

1) екі немесе одан көп адамға қатысты;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) бірнеше рет;

4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тəртіпсіздіктер барысында;

5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терро ризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-əрекет -

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

1) 187-баптың екінші бөлігі «380-2» деген цифрлардан кейін «, 380-3 (төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 191-баптың екінші бөлігі «379» деген цифрлардан кейін «, 380-3 (бірінші, екінші жəне үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 3 қаңтар

№ 252-VIII ҚРЗ

 

Документ не введен в действие

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом