Осы редакция 2018 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.11.01. № 8 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің
үлгілік қағидалары
(2018.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.11.01. № 8 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi - Қағида) Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығында (бұдан әрi - Орталық) кәмелетке толмағандарды ұстаудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Орталықтар кәмелетке толмағандарды уақытша ұстауды және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарының қарауындағы мемлекеттік ұйым болып табылады.
2. Орталық мемелекеттік органдарымен, сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдармен, өзара іс қимылда болады.
3. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына, осы Қағидаға және орталықтың Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014.13.03. № 75 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды, уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Орталықтың негізгі міндеттері: