«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 268 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27085 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларында:
«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу» қосымшасында:
Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы келесі редакцияда жазылсын:
«Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы
60xxx Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөніндегі қызмет
62xxx Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер
65xxx Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру
66xxx Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет
69xxx Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет
72xxx Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72199 қоспағанда)
84300 Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет
73xxx Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу
97ххх Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі