Введите номер документа
Прайс-лист

«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 5/1 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 19 июля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 16 августа 2019
Дата последнего измененияпятница, 19 июля 2019

 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 5/1 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

2-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

«1) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;

2) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

3) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы - сатушылар, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтері бар интернет ресурс;

4) арзандатылған тауар - кемшілігі болуға не кемшілігін жоюға байланысты төмендетілген бағамен сатылатын тауар;

5) асхана - тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектісі;

6) аутлет орталық - бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымынан азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;

7) әмбебап сауда базары - әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;

8) әкімшілік аймақ - әкімшілік үй-жайлар кешені орналасқан аймақ;

9) баға - тауар құнының ақшалай мәні;

10) бар - тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом