Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ КАДР Ж...

Информация о документе
Датавторник, 29 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 29 июля 2014

Осы редакция 2016 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

№ 2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті туралы

 ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Кадр жұмысы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын, осы Ережеде белгіленген міндеттер мен функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.

4. Департамент:

1) Басшылықтан;

2) Қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасынан;

3) Ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс басқармасынан;

4) Кәсіби және психологиялық даярлықты ұйымдастыру басқармасынан;

5) Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасынан;

6) тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінен;

7) ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімнен тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: мемлекеттік кадр саясатының құрамдық бөлігі ретінде ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай кадрлық саясатты жүзеге асырады.

Функциялары:

1) ішкі істер органдарының жүйесінде кадрлық саясат саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің шешімдерін іске асырады, төменгі бөліністердің оларды орындауын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлайды, кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық басшылықты жүзеге асырады;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом