Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 289-VIII Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 289-VIII Заңы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сол бір құрметті атақ қайталап берілмейді.»;

2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Қазақстан Республикасының ордендері:

- «Отан»;

- «Барыс»;

- «Даңқ»;

- «AL-FARABI»;

- «QOJA AHMET YASAUI»;

- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев»;

- «Мейірім»;

- «Айбын»;

- «Парасат»;

- «Достық»;

- «Ел бірлігі»;

- «Құрмет»;

- «Еңбек Даңқы».»;

3) 12-1-бап алып тасталсын;

4) 13-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «әскерлерінің және әскери құралымдарының,», «Қазақстан Республикасының прокуратура, азаматтық қорғау, ішкі істер органдарының» деген сөздер тиісінше «әскерлер мен әскери құралымдардың,», «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3 және 13-4-баптармен толықтырылсын:

«13-1-бап. «AL-FARABI» орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген зор еңбегі үшін, білім мен ғылым, мәдениет пен рухани өмір салаларында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.

13-2-бап. «QOJA AHMET YASAUI» орденімен Қазақстан Республикасының дамуына ерекше еңбек сіңірген отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттікті нығайтуға, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, ағартушылық, мәдени және гуманитарлық салаларды дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталады.

13-3-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға ықпал еткен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттердің басшылары мен үкімет басшылары марапатталуы мүмкін.

13-4-бап. «Мейірім» орденімен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытқан, қайырымдылық қызметке, оның ішінде меценаттық немесе филантропиялық қызметке қомақты үлес қосқан азаматтар марапатталады.

Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен «Мейірім» орденімен марапаттау белгіленген мерзімдер ескерілмей жүргізілуі мүмкін.»;

6) 14-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «басқа әскерлердің және әскери құрамалардың», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, азаматтық қорғау, ішкі істер органдарының» деген сөздер тиісінше «басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың», «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады» деген сөздер «кіші, аға және жоғары офицерлер құрамдарындағы адамдар марапатталады» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Қазақстан Республикасының медальдары:

- «Ерлігі үшін»;

- «Жауынгерлік ерлігі үшін»;

- «Ерен еңбегі үшін»;

- «Шапағат».»;

8) 20-баптың бірінші абзацындағы «әскерлері мен әскери құрамаларының», «мемлекеттік органдардың, прокуратура, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының» деген сөздер тиісінше «әскерлер мен әскери құралымдардың», «мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«27-бап. Мына алқалар көпбалалы аналарға арналған наградалар болып саналады:

- «Алтын алқа»;

- «Күміс алқа».».

2-бап. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 14 мамыр

             № 289-VIII ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!