Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 357 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
көрсетілген Ережеге қосымшада:
қазақ тіліндегі 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«13. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын: