Введите номер документа
Прайс-лист

«Жылжымалы мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 25 февраля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 июля 2018

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

2015 жылғы 25 ақпандағы

№ 115 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Жылжымалы мүліктің құнын бағалау»

бағалау стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы жылжымалы мүліктің құнын бағалау стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізгі ұғымдарды ашады және өңірлік факторларды, баға белгілеудің өзіндік шарттарын және олардың есепке алу мен есепте көрсетілуін ескере отырып, жылжымалы мүлікті бағалауға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді. негізінде халықаралық бағалау стандарттарын ескерумен әзірленді және жылжымайтын мүлікті бағалауға қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.

2. Стандарт «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес әзірленді, жылжымалы мүлікті бағалау әдістеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.

3. Бағалау қызметінің негізгі принциптері объективтілік және дұрыстық болып табылады.

4. Бағалау түрі міндетті және бастамашылық бағалау болып табылады.

5. Стандарттың әрекет етуі материалдық жылжымалы мүліктің барлық үлгілерін бағалауға қолданылады.

6. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) биологиялық активтер - биологиялық қайта құрулар процесінде ауылшаруашылық өнімін және/немесе қосымша биологиялық активтер беруге, сондай-ақ басқа тәсілмен экономикалық пайда әкелуге қабілетті мал немесе өсімдік;

2) генерациялайтын бірлік - басқа активтерге немесе активтер тобына маңызды дәрежеде байланысты болмайтын ақшалай қаражаттың түсуін қатамасыз ететін активтердің ең аз сәйкестендірме тобы;

3) жабдық - автивтер, атап айтқанда кәсіпорынның немесе ұйымның қызметін ұйымдастыру-технологиялық қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын жиһаз және жинақтауыштар, бұйымдар мен мүкәммал, автокөлік құралдары және демонтаж жасауға арналған құрал-саймандар;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом