«Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 220 бұйрығы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4725 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің жинағында 2007 жылғы маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;