«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 474 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті туралы ережеге, аталған бұйрықпен бекітілген (бұдан әрі - Ереже):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тапсырмалар:
1) ТЖ алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.
3) Комитет қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету;
4) Комитетте жобалау қызметін жүргізу;
5) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ның мониторингі мен болжау мәселелерінде үйлестіру мен басқаруды жүзеге асыру;
6) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру;
7) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.»;
14-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу;
17) Комитет құзыреті шегінде бейінді халықаралық ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру;