Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМ...

Информация о документе
Датачетверг, 1 октября 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 1 октября 2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2021 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

 қағидалары

(2020.01.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі - Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің шарттары мен тетігін айқындайды.

2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) «Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мемлекеттік грантты алуға арналған конкурсқа қатысу үшін Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы міндетті талап болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом